13 Қазан, 2016

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бұйрығы  №341

405 рет
көрсетілді
37 мин
оқу үшін
  2015 жылғы 14 сәуір, Астана қаласы Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу»; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Жүргізуші куәліктерін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті (И.В.Лепеха): 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Астана, Алматы қалалары мен облыстардың ішкі істер департаменттерінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Байқоңыр қаласындағы Өкілдігінің бастықтары: 1) осы бұйрықты ішкі істер органдары жеке құрамының зерделеуін және оның талаптарын сақтауын қамтамасыз етсін; 2) ішкі істер органдарының жұмысын осы бұйрықтың талаптарына сәйкес ұйымдастырсын. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Е.З.Тургумбаевқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетіне (И.В.Лепеха) жүктелсін. 5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Қ.ҚАСЫМОВ «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі ____________Ә.ИСЕКЕШЕВ 2015 жылғы 23 сәуір «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы ____________ М.ҚҰСАЙЫНОВ 2015 жылғы 17 сәуір Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 341 бұйрығына 1-қосымша «Көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты 1. Жалпы ережелер 1. «Көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі әзірледі. 3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің аумақтық бөліністері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру: 1) ішкі істер органдарының тіркеу-емтихан бөліністері (бұдан әрі – ТЕБ); 2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – Орталық) арқылы жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі 4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері: 1) ТЕБ-те: құжаттар пакетін тапсырған сәттен бастап – 6 сағат; қажетті құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 минут; бір көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қабылдаудың рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 минут; 2) Орталыққа жүгінген кезде: құжаттар пакетін тапсырған сәттен бастап – 2 сағат; электрондық кезек талонын алған сәттен бастап құжаттарды тапсырғанға дейін кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 минут; Орталық қызметкерінің бір өтінімді ресімдеуіне рұқсат етілген ең ұзақ уақыт – 20 минут. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық болмауы фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды қабылдаудан жазбаша дәлелді бас тарту береді. 5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде. 6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – көлік құралын тіркеу туралы куәлік (бұдан әрі – КҚТК) және/немесе мемлекеттік нөмірлік тіркеу белгісін (бұдан әрі – МТНБ) беру, КҚТК-ға есептен шығарылғаны туралы белгі, не болмаса осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 11-тармағында көзделген жағдайлар мен негіздемелер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны қағаз түрінде. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушыға немесе (жеке тұлғалар үшін нотариалды расталған) сенімхат негізінде әрекет ететін оның өкіліне жеке басты куәландыратын құжатты көрсеткен кезде беріледі. 7. Мемлекеттік қызмет ақылы түрде көрсетіледі. Мемлекеттік баж «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 540-бабына сәйкес: 1) КҚТК беру үшін – ең төменгі айлық есептік көрсеткіштің (бұдан әрі – АЕК) 125 пайызын; 2) автомобильге МНТБ – АЕК-нің 280 пайызын; 3) автомобильге (олар үшін мемлекеттік баж көлемі 280 пайызды құрайтын мемлекеттік органдардың қарамағындағы көлік құралдарының МТНБ-ны қоспағанда) 100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 800, 888, 900, 999 цифрлық белгісіндегі МТНБ үшін - АЕК-нің 13 700 пайызын; 4) автомобильге (олар үшін мемлекеттік баж көлемі 280 пайызды құрайтын мемлекеттік органдардың қарамағындағы көлік құралдарының МТНБ-ны қоспағанда) 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 цифрлық белгісіндегі МТНБ үшін - АЕК-нің 22 800 пайызын; 5) мотокөлікке, автомобиль тіркемесіне МНТБ – АЕК-нің 140 пайызын; 6) «Транзит» МНТБ – АЕК-нің 35 пайызын құрайды. Көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу, сондай-ақ оларды қайта тіркеу үшін мемлекеттік алым Салық кодексінің 456-бабына сәйкес АЕК-нің төрттен бір бөлігін құрайды. Мемлекеттік баж екінші деңгейдегі банктер мен жекелеген банк операциялары түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол немесе қолма-қол емес тәсілмен төленеді. Орталықта және порталда мемлекеттік бажды төлеу «электрондық үкімет» порталының төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүргізіледі. Салық кодексінің 546-бабына сәйкес автомобильге, автомобиль тіркемесіне, мотокөлікке мемлекеттік нөмірлік тіркеу белгісін беру кезінде мемлекеттік баж төлеуден: Кеңес Одағының батырлары, Социалистік Еңбек ерлері, Даңқ орденінің үш дәрежесімен және Еңбек Даңқы орденінің үш дәрежесімен, «Алтын Қыран», «Отан» ордендерімен наградталған, «Халық қаһарманы», «Қазақстанның Еңбек Ері» атақтарын алған адамдар; Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестірілген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жастан мүгедектердің ата-анасының бірі; Чернобыль апатының салдарынан зардап шеккен азаматтар босатылады. 8. Жұмыс кестесі: 1) ТЕБ – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, сейсенбіден бастап сенбіге дейін (сейсенбі – жұма: сағат 09.00-ден бастап сағат 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден бастап сағат 14.30-ға дейін, сенбі: сағат 08-00-ден бастап сағат 16-00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 12-00-ден бастап сағат 13-00-ге дейін); Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру сейсенбіден бастап жұмаға дейін 13.00-ден бастап сағат 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін, ал сенбі сағат 12-00-ден бастап сағат 13-00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 08-00-ден бастап сағат 15-00-ге дейін жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі. 2) Орталық – еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, сағат 09-00-ден бастап сағат 20-00-ге дейін үзіліссіз жүзеге асырылады. Құжаттарды қабылдау түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 18-00-ға дейін, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру сағат 09-00-ден бастап сағат 20-00-ге дейін жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет жеделдетіп қызмет көрсетусіз «электрондық кезек» тәртібімен көрсетіледі. 9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) ТЕБ-ке жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін ұсынылатын құжаттардың тізбесі: 1) көлік құралын мемлекеттік тіркеу үшін: осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған көлік құралын тіркеу (есептен шығару) актісі; жеке басты куәландыратын құжат (жеке тұлғаны сәйкестендіру үшін талап етіледі); мемлекеттік баж бен алымның төленгенін растайтын құжат; көлік құралына салық төленгендігін растайтын құжат немесе көлік құралына салық төлеуден босатуға құқығын растайтын құжат; тіркейтін орган беретін, заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеуден) өткенін растайтын анықтама, жарғы (салыстырып тексеру үшін) және олардың көшірмелері; техникалық құжат; КҚТК, МНТБ және/немесе кері әкету міндеттемесімен Қазақстан Республикасына әкелінген көлік құралдарының тіркеу құжаттары; көлік құралын қарап тексеру актісін ұсынуды қоспағанда, көлік құралы; Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық корпуспен жұмыс жөніндегі ұйымының жолдамасы (жол жүрісінің шетелдік қатысушылары үшін); мөрмен бекітілген, заңды тұлғаның көлік құралын өзінің құрылымдық бөлімшесіне немесе басқа заңды тұлғаға, не жеке тұлғаға бөлу және беру туралы бұйрығы (өкімі); көлік құралына, нөмірлік агрегатқа меншік құқығын растайтын құжаттар, оған Кеден одағына кірмейтін елдерден әкелінген көлік құралдары үшін кедендік ресімдеуден өткендігін растайтын құжаттар (кедендік декларация, кедендік кіріс ордері, уақытша әкелінген жағдайда кері әкету туралы міндеттеме), сот куәландырған сот шешімінің, қаулысының көшірмесі, орындауға жататын, мемлекеттік органның іс-әрекеттері туралы сот орындаушысының хабарламасы қоса берілген атқару парағы, азаматтық заңнама талаптарына сәйкес жасалған келісімшарттар, мәмілелер, куәліктер, мүлікті мұраға алу құқығы туралы құжаттар) жатады; Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 877 шешімімен бекітілген «Дөңгелекті автокөлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының Техникалық регламентіне (бұдан әрі – КО ТР 018/2011) сәйкес көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәлік: жеке тұлғалар өз қажеттіліктері үшін Кеден одағы/Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – КО/ЕАЭО) бірыңғай кедендік аумағына әкелінетін, айналымға шығарылатын көлік құралдарын тіркеген кезде; көлік құралы шығарылған сәттен бастап үш жылдан көп уақыт өткен жағдайда, заңды тұлғалар бұрын КО/ЕАЭО мүше болып табылмайтын мемлекеттерде жол жүрісіне қатысқан, Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына әкелінетін көлік құралдарын тіркеген кезде; жеке және заңды тұлғалар айналымға шығарылғанға дейін жеке тәртіппен конструкциясына сериялық өндіріс жағдайында өзгерістер енгізілген; немесе жеке тәртіппен сериялық өндіріс жағдайынан тыс жинақтау жиынтығынан; немесе жеке техникалық шығармашылық нәтижесі болып табылатын; немесе мемлекеттік қорғаныс тапсырысы бойынша бұрын жеткізілгендердің ішінен айналымға шығарылатын көлік құралдарын тіркеген кезде; Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағында пайдаланудағы және тіркелген көлік құралын оны қайта жабдықтауға байланысты тіркеген кезде КО ТР 018/2011 сәйкес көлік құралының оның конструкциясына енгізілген өзгерістермен қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы куәлік; көлік құралының типін, көлік құралы шассиінің типін мақұлдау; көлік құралы шығарылған сәттен бастап үш жылдан аз уақыт өткен жағдайда, заңды тұлғалар КО/ЕАЭО мүше болып табылмайтын елдерден әкелінетін, айналымға шығарылатын көлік құралдарын тіркеген кезде; жеке және заңды тұлғалар КО/ЕАЭО мүше елдерден әкелінетін, айналымға шығарылатын көлік құралдарын тіркеген кезде ұсынылады. Көрсетілетін қызметті алушының мекенжай анықтамасы туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады. 2) көлік құралын мемлекеттік тіркеу есебінен шығару үшін: осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған көлік құралын тіркеу (есептен шығару) актісі; жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін талап етіледі); көлік құралына салық төленгендігін растайтын құжат немесе көлік құралына салық төлеуден босатуға құқығын растайтын құжат; тіркейтін орган беретін, заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеуден) өткенін растайтын анықтама, жарғы (салыстырып тексеру үшін) және олардың көшірмелері; МТНБ және КҚТК (бар болған кезде); көлік құралын қарау актісін ұсынуды қоспағанда, көлік құралы; Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық корпуспен жұмыс жөніндегі ұйымының жолдамасы (жол жүрісінің шетелдік қатысушылары үшін); мөрмен бекітілген, заңды тұлғаның көлік құралын өзінің құрылымдық бөлімшесіне немесе басқа заңды тұлғаға, не жеке тұлғаға бөлу және беру туралы бұйрығы (өкімі); көлік құралына, нөмірлік агрегатқа меншік құқығын растайтын құжаттар, оған Кеден одағына кірмейтін елдерден әкелінген көлік құралдары үшін кедендік ресімдеуден өткендігін растайтын құжаттар (кедендік декларация, кедендік кіріс ордері, уақытша әкелінген жағдайда кері әкету туралы міндеттеме), сот куәландырған сот шешімінің, қаулысының көшірмесі, орындауға жататын, мемлекеттік органның іс-әрекеттері туралы сот орындаушысының хабарламасы қоса берілген атқару парағы, азаматтық заңнама талаптарына сәйкес жасалған келісімшарттар, мәмілелер, куәліктер, мүлікті мұраға алу құқығы туралы құжаттар) жатады. Құжаттарды қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі. Көлік құралдарын мемлекеттік тіркеуді, сондай-ақ есептен шығаруды жүргізер алдында көлік құралын, иесін және иесінің өкілін ішкі істер органдарының ақпараттық ресурстары бойынша олардың іздестіруде болуы мәніне тексеру жүзеге асырылады. Жүргізілген тексеріс нәтижесі көлік құралын тіркеу актісіне қосылады. 10. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) Орталыққа жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін ұсынылатын құжаттардың тізбесі: 1) көлік құралын мемлекеттік тіркеу үшін: жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін талап етіледі); мемлекеттік баж бен алымның төленгенін растайтын құжат (ЭҮТШ арқылы төлемді қоспағанда); көлік құралына салық төленгендігін растайтын құжат немесе көлік құралына салық төлеуден босатуға құқығын рас­тай­тын құжат (мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алу мүмкіндігі болған жағдайда ұсыну талап етілмейді); техникалық құжат; КҚТК, МНТБ және/немесе кері әкету міндеттемесімен Қазақстан Республикасына әкелінген көлік құралдарының тіркеу құжаттары; көлік құралын қарап тексеру актісін ұсынуды қоспағанда, көлік құралы; Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық корпуспен жұмыс жөніндегі ұйымының жолдамасы (жол жүрісінің шетелдік қатысушылары үшін); көлік құралына, нөмірлік агрегатқа меншік құқығын растайтын құжаттар, оған Кеден одағына кірмейтін елдерден әкелінген көлік құралдары үшін кедендік ресімдеуден өткендігін растайтын құжаттар (кедендік декларация, кедендік кіріс ордері, уақытша әкелінген жағдайда кері әкету туралы міндеттеме), сот куәландырған сот шешімінің, қаулысының көшірмесі, орындауға жататын, мемлекеттік органның іс-әрекеттері туралы сот орындаушысының хабарламасы қоса берілген атқару парағы, азаматтық заңнама талаптарына сәйкес жасалған келісімшарттар, мәмілелер, куәліктер, мүлікті мұраға алу құқығы туралы құжаттар) жатады; Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 877 шешімімен бекітілген «Дөңгелекті автокөлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының Техникалық регламентіне (бұдан әрі – КО ТР 018/2011) сәйкес көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәлік: жеке тұлғалар өз қажеттіліктері үшін Кеден одағы/Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – КО/ЕАЭО) бірыңғай кедендік аумағына әкелінетін, айналымға шығарылатын көлік құралдарын тіркеген кезде; көлік құралы шығарылған сәттен бастап үш жылдан көп уақыт өткен жағдайда, заңды тұлғалар бұрын КО/ЕАЭО мүше болып табылмайтын мемлекеттерде жол жүрісіне қатысқан, Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына әкелінетін көлік құралдарын тіркеген кезде; жеке және заңды тұлғалар айналымға шығарылғанға дейін жеке тәртіппен конструкциясына сериялық өндіріс жағдайында өзгерістер енгізілген; немесе жеке тәртіппен сериялық өндіріс жағдайынан тыс жинақтау жиынтығынан; немесе жеке техникалық шығармашылық нәтижесі болып табылатын; немесе мемлекеттік қорғаныс тапсырысы бойынша бұрын жеткізілгендердің ішінен айналымға шығарылатын көлік құралдарын тіркеген кезде; Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағында пайдаланудағы және тіркелген көлік құралын оны қайта жабдықтауға байланысты тіркеген кезде КО ТР 018/2011 сәйкес көлік құралының оның конструкциясына енгізілген өзгерістермен қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы куәлік; көлік құралының типін, көлік құралы шассиінің типін мақұлдау; көлік құралы шығарылған сәттен бастап үш жылдан аз уақыт өткен жағдайда, заңды тұлғалар КО/ЕАЭО мүше болып табылмайтын елдерден әкелінетін, айналымға шығарылатын көлік құралдарын тіркеген кезде; жеке және заңды тұлғалар КО/ЕАЭО мүше елдерден әкелінетін, айналымға шығарылатын көлік құралдарын тіркеген кезде ұсынылады. 2) Көлік құралын мемлекеттік тіркеу есебінен шығару үшін: жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін талап етіледі); көлік құралына салық төленгендігін растайтын құжат немесе көлік құралына салық төлеуден босатуға құқығын растай­тын құжат (мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алу мүмкіндігі болған жағдайда ұсыну талап етілмейді); МТНБ және КҚТК (бар болған кезде); мөрмен бекітілген, заңды тұлғаның көлік құралын өзінің құрылымдық бөлімшесіне немесе басқа заңды тұлғаға, не жеке тұлғаға бөлу және беру туралы бұйрығы (өкімі); көлік құралын қарау актісін ұсынуды қоспағанда, көлік құралы; СІМ-нің дипломатиялық корпуспен жұмыс жөніндегі ұйымының жолдамасы (жол жүрісінің шетелдік қатысу­шылары үшін); көлік құралына, нөмірлік агрегатқа меншік құқығын растайтын құжаттар, оған Кеден одағына кірмейтін елдерден әкелінген көлік құралдары үшін кедендік ресімдеуден өткендігін растайтын құжаттар (кедендік декларация, кедендік кіріс ордері, уақытша әкелінген жағдайда кері әкету туралы міндеттеме), сот куәландырған сот шешімінің, қаулысының көшірмесі, орындауға жататын, мемлекеттік органның іс-әрекеттері туралы сот орындаушысының хабарламасы қоса берілген атқару парағы, азаматтық заңнама талаптарына сәйкес жасалған келісімшарттар, мәмілелер, куәліктер, мүлікті мұраға алу құқығы туралы құжаттар) жатады. Жеке басты куәландыратын құжаттар, мекенжай анықтамасы, заңды тұлғаны тіркеу анықтамасы немесе куәлігі, баж салықтары мен алымдарды төлеу (ЭҮПШ арқылы төлеген кезде) туралы, мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған көлік құралына салық төленгені туралы мәліметтерді Орталық қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден электрондық құжат нысанында алады. Көлік құралдарын тіркеу үшін ұсынылатын, мемлекеттік немесе орыс тілдерінен басқа, өзге тілде толтырылған құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілдеріне аударылады. Көлік құралдарын мемлекеттік тіркеуді, сондай-ақ есептен шығаруды жүргізер алдында көлік құралын, иесін және иесінің өкілін ішкі істер органдарының ақпараттық ресурстары бойынша олардың іздестіруде болуы мәніне тексеру жүзеге асырылады. Жүргізілген тексеру нәтижесі көлік құралын тіркеу актісіне қосылады. Орталық қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісім алады. Құжаттарды Орталық арқылы қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі. Егер көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесіне онда көрсетілген мерзімде жүгінбеген жағдайда, Орталық оны бір ай ішінде сақтауды қамтамасыз етеді, мұнан соң оны одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге тапсырады. Орталық нәтижені бір ай ішінде сақтауды қамтамасыз етеді, мұнан соң оларды одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге тапсырады. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткен соң жүгінген кезде Орталықтың сұрау салуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін дайын құжаттарды бір жұмыс күні ішінде Орталыққа жібереді. 11. Көрсетілетін қызметті беруші: 1) шығарылған жылын қоса алғанда, пайдаланылу жылы жеті жылдан аспайтын, автомобиль көлігі саласында кәсіпкерлік қызметте пайдаланылмаған, М1 санатты көлік құралдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасында тіркелген көлік құралдары үшін міндетті техникалық байқаудан уақтылы өтпеген; 2) жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында айыппұл түрінде әкімшілік жаза салу туралы уақтылы орындалмаған қаулылары бар; 3) тіркеу құжаттары жоқ; 4) көлік құралын дайындаушы салған нөмірлік агрегаттардың маркировкаларын қолдан жасау, жасыру, өзгерту және (немесе) жойып жіберу салдарынан көлік құралын сәйкестендіру мүмкін болмаған; 5) қолдан жасалған (жалған) құжаттар ұсынған; 6) көлік құралы іздестіруде болған; 7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеу әрекеттерін жасауға салынған (енгізілген) тыйым салулар мен шектеулер болған; 8) көлік құралдарын тіркеу органына көлік құралының меншік иесінің мүддесін білдіруге өкілеттігі жоқ адам жүгінген; 9) тіркеу әрекеттерін жүргізу үшін қажетті құжаттарды ұсынбаған немесе толық көлемде ұсынбаған, сондай-ақ оқылмайтын, қарындашпен орындалған, түзетулері, қосып жазылулары, сызылған сөздері бар, сондай-ақ ескертілмеген түзетулері бар құжаттар ұсынған; 10) ұсыну міндетті болған кезде көлік құралын көрсетпеген; 11) ұсынылған көлік құралын мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыруға уәкілетті емес көлік құралдарын тіркеу органына жүгінген; 12) көлік құралы конструкциясы немесе оған енгізілген өзгерістер Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасының талаптарына немесе ұсынылған құжаттарда көрсетілген мәліметтерге сәйкес келмеген; 13) көлік құралына салық бойынша орындалмаған салық міндеттемесі болған кезде мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар пакетін толық ұсынбаған жағдайда, Орталық қызметкері осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді. 3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, халыққа қызмет көрсету орталықтарының және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі 12. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Орталықтың және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым көрсетілетін қызметті беруші, Министрлік басшысының атына осы мемлекеттік қызмет көрсету стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша беріледі. Шағым почта арқылы жазбаша нысанда не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі. Шағымды тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі мен тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) шағымның көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесінде қабылданғанын растау болып табылады. Орталық қызметкері дұрыс қызмет көрсетпеген жағдайда шағым Орталық басшысының атына жіберіледі. Қолма-қол, сол сияқты почта арқылы келіп түскен шағымды Орталықта тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі мен тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) оның қабылданғанын растау болып табылады. Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады. Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» өтініш туралы ақпарат қолжетімді, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеуі (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қаралғаны немесе қараудан бас тартылғаны туралы жауап) барысында жаңартылып отырады. Шағымда: 1) жеке тұлғаның - оның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), почта мекенжайы; 2) заңды тұлғаның - оның атауы, почта мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе Орталықтың атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қараудың нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе Орталықтың кеңсесінде қолма-қол беріледі. Портал арқылы электрондық өтініш берген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» өтініш туралы ақпарат қолжетімді, ол өңдеу (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қаралғаны немесе қараудан бас тартылғаны туралы жауап) барысында жаңартылып отырады. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. 13. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар. 4. Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар 14. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары: 1) интернет-ресурс: www.mvd.kz; 2) интернет-ресурс: www.con.gov.kz. 15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың «жеке кабинеті» арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар. 16. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 71 58 68 және мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414. «Көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымша Нысан Көлік құралын тіркеу (есептен шығару) актісі _______________________________________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) /заңды тұлғаның атауы) үшін мынадай құжаттарды ұсынды________________________________________________________________ ұсынылған құжаттар (БСН) ЖСК______________________Туған күні (жеке тұлғалар үшін)______________________________________ (күні, айы, жылы) Жеке басты куәландыратын құжат (әділет органдарында тіркелген күні) _________________________________ _______________________________________________________________________________________________ (атауы, сериясы, нөмірі, қашан және кім берді) Мекенжайы ___________________________________________________Телефоны ______________________ Көлік құралы туралы мәліметтер VIN __________________________________________________________________________________________ Мем. нөмірі __________________ Шасси нөмірі _________________________ Моделі _____________________ Шанақ нөмірі ____________________________ Дайындаушы кәсіпорын ___________________________________ Түсі ___________________________ КҚ түрі ______________________ Қозғалтқыш қуаты (кВт/ж.к. V см³)________ КҚ санаты ________ Рұқсат етілген ең жоғары салмағы, kg____________ Шығарылған жылы _________________ Жүктемесіз салмағы, kg___________ КҚ тіркеу куәлігі_____________________________________________________ (сериясы, нөмірі, берілген күні) Иесінің өкілі _______________________________________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) Туған күні _____________________ Жеке басты куәландыратын құжат___________________________________ (күні, айы, жылы) (атауы, сериясы, ________________________________________________________________________________________тұрады. нөмірі, қашан, кім берген) Телефоны __________________ Сенімхат _________________________________________________________ (қашан, кім берген, тізілім нөмірі) 20__жылғы «___»___________________Иесінің қолы ______________________ ________________МТНБ __________________________КҚТК берілді. ІІО лауазымды адамының қызметтік белгілері ІІО лауазымды адамының қорытындысы Байқау нәтижелері бойынша көлік құралы туралы мәліметтер: МТНБ _______________________Дайындаушы кәсіпорын __________________ КҚ санаты __________________________________________________________ Сәйкестендіру нөмірі (VIN)_____________________________________________ Шығарылған жылы ____________ Маркасы, моделі________________________ Шасси (рама) нөмірі___________________________________________ Шанақ нөмірі ______________________________________ Түсі______________Байқау нәтижесі ________________________________ (ақаусыз, ақауы бар) Жауапты қызметкер __________________________________________________ (қолы немесе коды) (тегі) Айдап әкетілген және ұрланған автокөлік базасы бойынша тексеру жүргізілді ____________________________________________________________________ (нәтижесі, күні, уақыты) ____________________________________________________________________________________ (тексеру жүргізген жауапты қызметкердің қолы, тегі) Иесінен қабылданды ______________________________________ сериясы ______№ ______________ (тіркеу құжатының атауы) Тіркеу белгілері ____________________________саны _____________________ КҚ паспортының сериясы _________ №_________ _________________________ _____________________________________ сериясы_________ № ____________ (меншік құқығын растайтын құжат) «Транзит» белгісі __________________________ саны____ _________________ Кепілді тіркеу туралы куәлік _______________________________ Төлем туралы түбіртектер (есеп шот- фактура) № ______________________ Өзге құжаттар:___________________________________________________________________________________ ____________________________________________________________________________________ қабылданды. (тіркеу әрекеттерін жүргізу немесе жүргізуден бас тарту туралы жауапты қызметкердің қорытындысы) 20__жылғы «___»______________________ (қолы) Иесіне берілді Сериясы ________________ № _________________________________________ (тіркеу құжатының атауы) Тіркеу белгілері _________________«Транзит» белгісі _____________________ ҚК паспорты сериясы ______________№ ________________________________ Өзге де құжаттар _____________________________________________________ ____________________________20_____ жылғы « » _______________берілді. ІІО лауазымды адамы/ХҚКО қызметкері_________________________(қолы, тегі) «Көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымша Нысан Құжаттарды қабылдау туралы №_____ қолхат _______________________________________________________________________________________________ (көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес көрсетілетін мемлекеттік қызметтің атауын көрсету) __________________________________________________________________ (көрсетілетін қызметті алушының Т.А.Ә (ол болған жағдайда) немесе заңды тұлғаның немесе олардың өкілдерінің атауы) Қабылданған құжаттардың тізбесі: 1.__________________________________________________________ 2.__________________________________________________________ 3.__________________________________________________________ 4.__________________________________________________________ 5.__________________________________________________________ 6.__________________________________________________________ 7.__________________________________________________________ 8.__________________________________________________________ 9.__________________________________________________________ ___________________________________________________________ ___________________________________________________________ ___________________________________________________________ ___________________________________________________________ Қабылдаған: __________________________/____________________/______________ (ТЕб қызметкерінің лауазымы, атағы) (қолы) (Т.А.Ә (ол болған жағдайда) ) _________ жылғы «_______»________________ Берілген күні мен уақыты___сағ_______мин «____»_______ _____жыл «Көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымша Нысан (Көрсетілетін қызметті алушының Т.А.Ә (ол болған жағдайда) немесе ұйымының атауы) ____________________________________ (көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы) Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 20-бабының 2) тармақшасын басшылыққа ала отырып, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалының № __ бөлімі ________________________________________ (мекенжайы көрсетілсін) Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген құжаттардың толық тізбесін ұсынбауыңызға байланысты _______________________________________________________________________________________________ (мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес мемлекеттік қызметтің атауы көрсетілсін) мемлекеттік қызметті көрсетуге құжаттар қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда: Жоқ құжаттардың атауы: 1) ___________________________________________________________; 2) ___________________________________________________________; 3) Осы қолхат 2 данада, тараптардың әрқайсысы үшін бір-бірден жасалды. _________________________ ______________________ Орталық қызметкерінің Т.А.Ә (ол болған жағдайда) (қолы) Орынд.: Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) ___________________________ Тел.:__________ Алдым: ___________________________________________ __________ Көрсетілетін қызметті алушының Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) (қолы) 20__ жылғы «___» _______________ Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 341 бұйрығына 2-қосымша «Жүргізуші куәліктерін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты 1. Жалпы ережелер 1. «Жүргізуші куәліктерін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі әзірледі. 3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің аумақтық бөліністері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру: 3) ішкі істер органдарының тіркеу-емтихан бөліністері (бұдан әрі – ТЕБ); 4) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – Орталық); 3) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі 4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері: 1) ТЕБ-те: құжаттар пакетін тапсырған сәттен бастап – 6 сағат; қажетті құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 минут; бір қызмет алушының құжаттарын қабылдаудың рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 минут; 2) Орталыққа жүгінген кезде: құжаттар пакетін тапсырған сәттен бастап – 2 сағат; электрондық кезек талонын алған сәттен бастап құжаттарды тапсырғанға дейін кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 минут; Орталық қызметкерінің бір өтінімді ресімдеуіне рұқсат етілген ең ұзақ уақыт – 20 минут; 3) порталға жүгінген кезде: құжаттар пакетін тапсырған сәттен бастап – 2 сағат. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық болмауы фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды қабылдаудан жазбаша дәлелді бас тарту береді. Теориялық емтиханды тапсырғаннан кейін Орталықта мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі автоматты түрде практикалық емтихан тапсыру басталғанға дейін тоқтатыла тұрады. 5. Мем